
Инфрақұрылым
«Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінің ішкі инфрақұрылымында толыққанды және қауіпсіз өмір сүру үшін қажеттінің бәрі бар. Кешенде күзетілетін паркингтер, балалар және спорт алаңдары, дүкендер және қызмет көрсету нысандары, дәріхана, емхана, кафе, химиялық тазалау бар. Жақын перспективада балалар орталығы және тұрғын үй кешеніндегі өмірді жайлы ететін көптеген басқа да пайдалы нысандар ашылады.

Сейсмикалық беріктігі 9 балл
«Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенін жобалау тәжірибелі мамандарды тарта отырып жүзеге асырылды. Сейсмикалық беріктіктің негізгі нышандарын көзбен көруге болады: бұл ғимараттың пішіні, монолит түріндегі орындалған сейсмомембраналардың көп саны және қабаттардың аз болуы.
Монолит каркасты салған кезде құрылыс-жинақтау жұмыстарының жүргізілуіне және материалдардың сапасына орнатылған қатаң бақылау «Хан Тәңірі» ТК сейсмикалық беріктігінің негізгі факторларының бірі болып табылады.

Қоршалған периметр
Кешен периметрі дуалмен қоршалған, бұл бөгде адамдардың келу тәуекелін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.

Тәуліктік күзет
Тұрғын үй кешені күзет компаниясының басты міндеті - Сіздің және Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тұрғын үй кешеніне кіретін және шығатын барлық жолдар шлагбаумдармен жабдықталған, кешен периметрі қоршалған, күзетілетін паркингтерге орын бөлінген.

Бейнебақылау
Жобаның негізгі маңызды жерлері бейнебақылау камераларымен жабдықталған, бірінші кезекте, кешеннің балаларға арналған алаңдары тәулік бойы бақыланады.

Меншікті пайдалану қызметі
Осындай ауқымды кешендермен жұмыс істеу бойынша көп жылдық тәжірибесі бар меншікті пайдалану қызметі тұрғындардың барлық мәселелерін шұғыл шешеді және кешенді тазалықта және тәртіпте ұстайды.

Балалар алаңдары
Саябақ аймағы және балалар алаңдары орналасқан аумақтың ландшафттық дизайны балалар жақсы көретін демалыс орны болып табылады.

Спорт алаңдары
Кешен көрнекіліктерінің бірі спорт ойындары мен минифутболға арналған алаңмен жабдықталған спорт алаңы болып табылады, тұрғындар бұл жерде барынша жайлылық пен еркіндікті сезіне алады. Сіз бұл жерде футбол немесе үлкен теннис ойнау дағдыларыңызды дамыта отырып, өз бос уақытыңызды өткізіп қана қоймай, іскерлік қатынастарыңызды да нығайта аласыз. Өйткені футбол немесе теннис ойнау бизнес-серіктестермен бейресми іскерлік қатынас түрінің бірі болып табылады.

Қуат үнемдейтін технологиялар
Кешен замануи қуат үнемдейтін технологиялар мен материалдарды қолдана отырып жобаланған және салынған, оларға қуат үнемдейтін әйнектерді, меншікті автономиялық жоғары тиімді қазандықты, заманауи лифттерді, қозғалыс және жарық датчиктерін жатқызуға болады.

Таза тау ауасы
«Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінің негізгі артықшылығының бірі оны барлық жағынан желдететін таудың таза ауасы болып табылады, бұған таңқалуға болмайды, өйткені кешен тау бөктерінде орналасқан.

Терезеден ашылатын тамаша көрініс
«Хан Тәңірі» терезелерінен оңтүстік және батыс бағытқа қарай таулардың тамаша көрінісі ашылады, солтүстік және шығыс жақтан Іле Алатауының етегінде жатқан ару қала Алматының панорамасын көруге болады.

Қабаттардың аз болуы
Кешен 9 және 10 қабатты ғимараттар ансамблінен тұрады, бұл біздің қаламыздың сейсмикасы жағдайында зор маңызға ие. Бұдан басқа, ғимараттардың ерекше пішіні және олардың орналасуы таудың таза ауасының өтуіне кедергі жасамайды.

Көлік инфрақұрылымы
Ыңғайлы көлік инфрақұрылымы аса қиындықсыз және тез уақытта қала орталығына жетуге мүмкіндік береді – кешен Әл-Фараби даңғылынан көлікпен жүргенде бес минуттық жерде орналасқан.

Жоспарлау шешімдерінің мол таңдауы
Кешен пәтерлері жайлылыққа деген барлық тұтынысты қанағаттандыра алатын нарықтың заманауи тенденцияларын ескеретін жоспарлаудың бірнеше нұсқасына ие. Пәтерлер еркін жоспарланады, бұл батыл дизайнерлік идеяларды жүзеге асыра отырып кеңістікті тиімді өзгертуге мүмкіндік береді.

Пәтерлердің оңтайлы метражы
«Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенін жобалаған кезде біздің жобалаушыларымыз әртүрлі адам санынан тұратын отбасының өмір сүру эргономикасын ескере отырып, ауданды анықтауға және үй-жайларды аймақтауға қатысты ақылға қонымды тәсілді ұстанды.